Әскери қызметшілер Қазақстанның шығыс аймағында шартты қарсыластың күшін жойды

Әскери қызметшілер Қазақстанның шығыс аймағында шартты қарсыластың күшін жойды

Оқу-жаттығудың шешуші кезеңінде Қазақстан мен Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бірлескен күш-жігерлерінің арқасында шартты қарсыластың күшін жойды.

 Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау белгіленген бекіністерге армиялық авиациясының соққыларынан басталып, танкілер мен жаяу әскер жауынгерлік машиналарының бастырмалата оқ атуымен жалғасты. Дүркін оқ атудың реактивті жүйелері шартты қарсыласқа оған тиімсіз бағытта маневр жасауды күштеді. Елеулі шығындардан кейін қалған күш пен құралдар барлық құралдардың жаппай көп қабатты оқ атуымен, сондай-ақ бөлімшелердің маневрлік іс-қимылдары  арқылы жойылды.

Қарсыластың бекіндірілген пунктері мен қорғаныс бөлімшелерін айналып өтудегі талпыныстары сәтсіздікке ұшырап, әскери авиациямен, атыс шабуылдары мен батальонды тактикалық топтардың әрекеттерімен жолдары тоғытылды. Оқу-жаттығуға тікелей басшылық еткен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов бөлімшелердің іс-қимылдарына бағасын берді. «Жеке құрам жоғары далалық машық пен кәсіпқойлықты көрсетті.

Оқу-жаттығудың міндеті мен мақсаты толығымен орындалып, командирлер мен штабтар бірлескен жауынгерлік әрекеттерді