
Тәжірибелік бөлім екі елдің бірлескен жаттығулары аясында Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының «Шығыс» және «Сарышаған» полигонындағы жасалды. 
Сценарий бойынша 30-дан аса авиацияның майдандық ұшақтары әуе кеңістігінде белгіленген аудандарды қорғайды. Шартты қарсыласты анықтаған жағдайда экипаждардың басты міндеті – оған тосқауыл қою, әуеайлаққа қонуға мәжбүр ету.

Сонымен қатар, оқу-жаттығулар барысында ұшқыштар бұзушылардың әуе кемесін ұстау мен басқарылатын және басқарылмайтын әуе зымырандары мен бомбаларын қолдана отырып жердегі нысандарды жою туралы оқу-жаттығу жауынгерлік дайындық тапсырмаларын пысықтады. Әскери басқару органдарының дайындық деңгейлерін тексеруге, әуе паркінің ұшу дайындығын жетілдіруге ерекше назар аударылды.
