
Қорғаныс министрлігі «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Жобаның негізгі мақсаты тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша лауазымды адамдарды және басқаларды материалдық жауапкершілікке тартуға негіздер болмаған кезде өрт, авария (қирау) немесе апат нәтижесінде пайда болған әскери мүліктің жетіспеушілігін инспекторлық куәлік арқылы есептен шығару тәртібі мен негіздерін нақтылау болып табылады.
Құжаттың толық мәтінімен 2022 жылғы 21 ақпанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13992304.