
Акцияға мектептер мен колледждердің 300-ден аса оқушысы қатысты. Оқушыларға әскери кафедраның оқу-материалдық базасы, әртүрлі атыс қару-жарағы, броньды танкті техника, артиллериялық жүйелер, оқу тренажерлары көрсетілді, сондай-ақ негізгі оқыту пәндері туралы айтып берді. Әскери кафедраның әскери-патриоттық жұмыс орталығында ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбтеов, аты аңызға айналған әскери қайраткер және қолбасшысы Бауыржан Момышұлына арналған ерлік сабағы өткізілді, сондай-ақ «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасына 85 жыл» атты таныстырылым дәрісі өткізілді. Оқушылармен мұндай сабақтардың жаңа үлгіде өткізілуі кәсіби бағдарлық бағыттылыққа ғана жетелемейді, сонымен бірге, қазақстандық өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруді анағұрлым сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.