
БҰҰ-ның бесінші симпозиумын ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесе БҰҰ-ның Хатшылығы өткізуде. ҚР Қорғаныс министрінің шақыртуы бойынша симпозиумға жедел қолдау және бітімгершілік операциялар жөніндегі БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харе мен Жан-Пьер Лакруа қатысады. Бұдан бұрын БҰҰ-ның мұндай іс-шаралары Аустрия, Германия, Италия, Оңтүстік Корея сияқты елдерде өткізілді. Симпозиум бітімгершілік операциялардың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру үшін мемлекеттер, ғылыми орта және халықаралық ұйымдар арасында өзара іс-қимыл платформасы болмақ. Іс-шараның басты тақырыптары бітімгершілердің қауіпсіздігін арттыру үшін технологиялық инновациялар, коммуникацияларды нығайту, ахуалдық хабардар етуді жақсарту, қолдан жасалған жарылғыш құрылғарға қарсы тұру, телемедицинаны енгізу, сондай-ақ қоршаған ортаға ықпал етуді азайту болмақ. 2018 жылдың қазанында Қазақстан алғаш рет Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштеріне үнділік батальонмен бірге 120 әскериден құралған бітімгершілік ротаны жібергенін айта кету қажет. Қазіргі уақытта Батыс Сахарада референдумды өткізу бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушылар ретінде қазақстандық екі әйел офицер қызмет өткеруде. Одан басқа, осы жылдың басында БҰҰ әлемнің кез келген елінен әскери қызметшілерге қолжетімді «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) қазақстандық оқу-жаттығу орталығының бітімгершілік курстарын сертификаттады. Бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша БҰҰ-ның симпиозиумының өткізілу шарттарымен ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. ресми сайтында танысуға болады. Іс-шараға аккредиттеуден өту үшін шетелдік және республикалық БАҚ өкілдерінеhttps://mod.gov.kz/rus/mezhdunarodnyi_simpozium/informaciya/ сілтемесі арқылы өту қажет.