Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер арасында жол-көлік оқиғасын болдырмау жөнінде алдын алу жұмысын жүргізуде

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер арасында жол-көлік оқиғасын болдырмау жөнінде алдын алу жұмысын жүргізуде

Акцияның өткізілуі кезінде әскери бөлімдерде, әскери қалашықтар мен әскери қызметшілер тұрып жатқан жерлерде, «Шеп» бекеттерінде, сондай-ақ елді мекендегі негізгі өтпелі жолдарда әскерилермен түсіндіру әңгімелері жүргізілуде. Әңгімелесу барысында салдары ауыр ЖКО негізгі себептері, оның ішінде, жылдамдықты асыру, басып озу ережелерінің бұзылуы, мас күйінде көлік құралын тізгіндеу, қатты шаршау, рөлді басқаруда ұйқыға бату және т.б. болып табылатын бұзушылыққа жол бермеуге назар аударылады.  Әңгімелесу өткізілгеннен кейін әскери қызметшілерге жол-көлік ережелерін сақтау туралы жадынамалар беріледі.   Қазіргі уақытта аталмыш акцияға жеке көлік иеелері мен әскери көлік жүргізушілері болып келетін 10 мыңнан аса әскери қызметші, 150-ден аса әскери автомобильді полиция қызметкерлері тартылды. Үстіміздегі жылы әскери полиция органдары әскери бөлімдердің қолбасшылығымен бірлесе жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар өткізді. Бұл дегеніміз – 80-нен аса жүргізушілер конференциясы және 1000-нан аса сабақ. Аталмыш профилактикалық шаралар әскери қызметшілердің кінәсінен болған ЖКО санын 22%-ға (9-дан 7-ге дейін) қысқартуға мүмкіндік берді. Жаяу жүргінші әскери қызметшілер болып табылатын ЖКО саны 17 пайызға (7-ден 6-ға дейін) азаюына септігін тигізді.