Елордада әскери баспасөз БАҚ-ты дамыту мәселелері талқыланды

Елордада әскери баспасөз БАҚ-ты дамыту мәселелері талқыланды

Беларусьтен келген қонақтарға редакцияның жұмысы көрсетілді, Қазақстанның бас әскери жаршысының тарихы мен қалыптасуы туралы айтылды.  Кездесу барысында екі елдің қарулы күштерінің қызметін жария ету бойынша өзара іс-қимыл және материалдармен алмасу мәселелері талқыға салынды. Тараптар әскери баспасөз БАҚ-ты дамыту мәселелерінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен тәжірибе алмасудағы сенімділікті білдірді.   Одан басқа, Беларусь Республикасы әскери газетінің өкілдері ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығына барып, оның жүмысымен танысты.