
Гарнизонның әскери қызметшілері егде жастағы және қариялар интернат үйін шефтілікке алды. Олар бірнеше жыл бойы интернат үйіне барынша жәрдем және қолдау көрсетуде. Мұнда 120-ға жуық адам тұрады. «Жігіттер үнемі бізге келіп, шаруашылық бойынша көмек көрсетеді, қызметтері туралы оқиғаларымен бөліседі. Кездесулер мен концерттер өткізеді. Жігіттердің Отанына қызмет етіп, бізді де әсте ұмытпайтындары қуантарлық жәйт», - деді ҰОС ардагері Н. Славов. Мосқал жастағы адамдарға қамқорлық көрсету маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ұдайы негізде әртүрлі қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыруға тырысады, балалар үйі мен жалпы білім беру мекемелеріне, қарттар үйіне, сондай-ақ ҰОС-тың ардагерлеріне шефтік көмек көрсетеді.