Қарулы Күштерде әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне көшіру жалғасуда

Қарулы Күштерде әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне көшіру жалғасуда

Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау барысында жеке құрамды, бекеттер мен учаскелерді, техникалық қызмет көрсету құралдарын, жауынгерлік машиналар парктерінің технологиялық желісінің элементтерін қосалқы бөліктермен, жанар-жағармай материалдарымен, аспаптармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындалуда. Жүргізілетін іс-шаралардың толыққандылығы мен сапасынан жазғы жағдайда, оның ішінде, қоршаған ауаның жоғары температурасы мен жоғары шаң-тозаң кезінде қару-жарақ пен әскери техниканың бүтінділігі мен жауынгерлік әзірлігі байланысты екенін айта кету қажет.