
Негізгі міндет жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді қопару тәсілімен жоюдан тұрады. Іс-шараларды өткізу кезінде сапер әскери қызметшілер 0,6 метр дейінгі тереңдікте қауіпті жарылғыш заттарды анықтау, мина іздеуіштерді іздестіру мен барлаудың жаңа құралдарымен жабдықталған арнайы жеке қорғаныш құралдарымен, броньды кеудешелермен, сапердің арнайы қорғаныш костюмдерімен қамтамасыз етіледі. Жүргізілетін жұмыстар барысында әскери оқ ату орындарының жай-күйі мен техникалық жабдықталуына, оқу-материалдық базаның жетілдірілуіне, далалық лагерь мен полигондық команданың тыныс-тіршілігі және абаттандырылуы мәселелеріне жіті назар аударылады. Полигондардың аумағында металл сынығын жинауды, бөгде адамдардың енуін болдырмау мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскери үлгідегі қауіпті жарылғыш заттардан жергілікті жерді (объектілерді) тазарту жөніндегі нұсқаулықты» әзірлегенін айта кету қажет. Аталмыш нұсқаулық қауіпті жарылғыш заттардан (қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды қоса есептегенде), полигондарда, оқ ату орындарында қауіпті жарылғыш заттарды жою, арсеналдарда, базалар мен қоймаларда жарылыс пен өрт салдарын жою, сондай-ақ полигондардың аумағында металл сынығын жинау кезінде жергілікті жерді (объектілерді) тазарту кезіндегі тапсырмалардың ұйымдастырылуы мен орындалуының жүйелі тәртібін айқындайды.