
Қорытынды жасай отырып, Бас штабының бастығы ҚР Қарулы Күштері бөлімшелерінің басшылығы қойған барлық тапсырмаларды толық көлемде орындадық, басқару органдары мен әскерлер арналым бойынша тапсырмаларды орындауға әзірліктері мен қабілеттерін паш етті деп атап өтті. Әскери ведомство басшылығы басқару органдарының дайындық деңгейі, жеке құрамның далалық машығы мен әскери бөлімдер мен бөлімшелердің үйлесімділігінің ұлғайғанын атап өтті. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы басқару органдары мен әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлықтары барысында ескерілетін болады. Сондай-ақ қорытынды жасау барысында проблемалық мәселелерді шешу жолдары анықталды және перспективалық міндеттер белгіленді. «Айбалта» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Оңтүстік» ӨңҚ бөлімшелері үздік нәтиже көрсетті. Арнайы бөлімшелердің кешенді тексерісінің қорытындысы бойынша «Шығыс», «Батыс» және «Оңтүстік» ӨңҚ бөлімшелері үздік жағынан атап өтілді. «Мерген батальоны» сайысының қорытындысы бойынша «Батыс», «Шығыс» ӨңҚ, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мотоатқыш батальондары мен «Шығыс» ӨңҚ танк биатлоны үздік жағынан атап өтілді.