Қазақстандық әскери қызметшілер халықаралық оқу-жаттығуға қатысты

Қазақстандық әскери қызметшілер халықаралық оқу-жаттығуға қатысты

Екіжақты оқу-жаттығу Тәжікстанның аумағында өтті және екі елдің армиясы арнайы бөлімшелерінің практикалық іс-қимылдарының тәжірибесімен алмасу және ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналды. Қазақстанның Қарулы Күштерінен бұл оқу-жаттығуға ағымдағы жылдың наурызында арнайы бөлімшелердің кешенді тексерісінің қорытындысы бойынша үздік деп танылған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысты. Тәжікстанның «Фахрабад» полигонында өткен екіжақты оқу-жаттығу барысында тараптар өзара жоғары таулы жерде әртүрлі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды, көп шақырымдық марш жүгірулерді орындау, әртүрлі кедергілерді еңсеру, ғимаратқа шабуыл жасау және т.б. мәселелерді пысықтады.    Қазақстандық әскери қызметшілер үшін  оқу-жаттығу таңсық жерде арнайы тапсырмаларды орындауда өздерінің тәжірибесін бекіту үшін жақсы мүмкіндік болды. Одан басқа, әуе барлауды жүргізуді және деректерді оқу-жаттығудың қатысушыларына таратуды жүзеге асыру мақсатында оқу-жаттығу орнына шыққан топ құрамындағы ҰҰА есептобы да қосымша жұмыс тәжірибесін жинақтады.