Тәртіп пен тәртіптілік – әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудегі сәттілік кепілі

Тәртіп пен тәртіптілік – әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудегі сәттілік кепілі

Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуы тәртібі және жағдайымен, оқу-материалдық базаның жай-күйі және әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасы етілу мәселелерінің іске асырылуымен танысты, сондай-ақ инфрақұрылым және техникалық аймақ  нысандарын аралады. Өңірде болған кезде әскери ведомство басшысы ҚР Қарулы Күштерінің  жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету базасына барды. Онда полигондық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстардың  жүргізілу барысымен, практикалық оқ атуларды қамтамасыз ету үшін көтергіштердің жаңа үлгілерімен танысты, сондай-ақ полигондық жабдықтың операторларын дайындау бойынша оқу сыныбын аралап шықты. Әуе қорғанысы күштерінің Парашюттік дайындық орталығында Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің парашюттік бейіндегі мамандар мен армиялық құрама командалардың парашютші спортшылардың дайындық барысымен танысты. Қазіргі уақытта Орталықтың жеке құрамы жиі түрде ірі сайыстарда Орта-Азиялық өңірдің намысын қорғай отырып, халықаралық аренада абырой-беделге ие екенін айта кетейік.  Команда бірнеше рет әртүрлі парашюттік спортта Азия мен Океанияның чемпионы атанды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасында бару барысында әскери ведомство басшысы қару-жарақ пен әскери техниканың, әскери-техникалық мүліктің жай-күйін, десанттық әскерлер жедел құрамының материалдық-техникалық құралдарының сақталуын тексерді.  Қазіргі уақытта аталмыш бөлімше әскерлерді азық-түлікпен, киім-кешекпен, отынмен жабдықтаудағы маңызды мәселелерді шешуде, материалдық құралдардың қажетті қорларын жасауда, көлік және қамтамасыз етудің өзге де түрлерін ұйымдастыруда. Әскери полиция жасағын тексеру кезінде оқу-материалдық базаның жай-күйі туралы баяндалды. Әскери ведомство басшысы әскери полиция мамандарын дайындау бойынша оқу процесінің сапалы ұйымдастырылуына назар аударды. Әскери нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы және әртүрлі ауа райы жағдайында жауынгерлік техниканы пайдалану әзірлігі мәселелері айрықша атап өтілді. Жауынгерлік әзірлік, техника мен қару-жарақтың, құқық тәртібі мен әскери тәртіптің жай-күйі мәселелері бойынша лауазымды адамдардың баяндамалары тыңдалды. Одан басқа, әскери полиция әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетті.   Өңірдегі жұмыс қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықты жетілдіру, материалдық құралдарды тиімді пайдалану және сақтау бойынша әскери бөлімдердің қолбасшылығына тапсырмалар берді. Мекеме басшыларының қаржы-шаруашылық тәртіпті одан әрі нығайтуына назар аударылды.