
Іс-шара Кеңес Одағының батыры, № 1 Халық қаһарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтің 95 жылдығына арналды. Әуе базасына бару барысында балаларға базаның аумағында орналасқан әртүрлі қару, тікұшақтар мен ұшақтар көрсетілді. Әскери ұшқыштар оқушыларға еліміздің Қарулы Күштері, қазақстандық армияның әскери қызметшілері, авиациялық техника туралы айтып берді және алғашқы өзіндік ұшулары туралы әсерлерімен бөлісті. Одан басқа, эскадрилья командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор С. Құсайынов оқушыларды аты аңызға айналған әскери қолбасшы, армия генералы С. Нұрмағамбетовтің өмірбаянымен, Ұлы Отан соғысындағы оның жетістіктері, тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуы мен қалыптасуындағы рөлі, сондай-ақ авиациялық базаның тарихымен таныстырды. Алғашқы әскери дайындық оқытушылары дәл осындай кездесулерден кейін көптеген бозбалалар өз тағдырларын әскермен байланыстырғысы келетіндерін атап өтті.