Барлық «Жас ұлан» республикалық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Барлық «Жас ұлан» республикалық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Дәстүрлі түрде іс-шаралар алаңқайда тәрбиеленушілердің салтанатты сап түзеуінен, оқу орындарының туын шығару рәсімдерінен басталды. Салтанатты шараларға Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері, ҰОС пен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, тәрбиешілер, оқушылар және бітірушілердің ата-аналары қатысты. «Жас ұлан» республикалық мектептері мемлекеттік және шет тілдерін терең зерделеу, әскери пәндер мен күшейтілген дене даярлығын оқытатын жалпы орта білім беретін оқу мекемелері болып табылатынын айта кеткен жөн. Әдеттегі оқу пәндерімен қатар оқушылар таза әскери пәндерді: жалпыәскери тактика, саптық даярлық, жалпыәскери жарғылар мен өзге де пәндерді меңгереді. Ағымдағы жылы түлектердің 90%-ы еліміздің жоғары әскери оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр.