Қарулы Күштердің жас толымы Әскери ант қабылдады

Қарулы Күштердің жас толымы Әскери ант қабылдады

Нұр-Сұлтан,  Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан  шақырылған 4000-ға жуық мерзімді әскери қызметші туысқандары, командирлері мен қызметтестері, сондай-ақ ҰОС және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерінің көзінше Отанға адал болуға ант етті.   Жылдан жылға қазақстандық армия қатарына ата-бабаларымыздың даңқты жауынгерлік дәстүрлерінің жалғастыратын және Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болатын физикалық тұрғыдан дамыған, білімді, моральды тұрақты бозбалалар қосылуда.   Ант қабылдағаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары әскери бөлімнің аумағын аралап, әскери асханаларда, әскери бөлімдердің аумағында болды, плацты, спорттық қалашықтарды, клубтарды, сыныптар мен өзге де объектілерді аралап шықты. Іс-шаралар концерттік бағдарламамен аяқталды.