
Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаевтың қатысуымен армия генералының құрметіне ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ақмола облысының Ақкөл ауданында салтанатты іс-шара ескелу митингісі мен Ақмола гарнизонының жеке құрамы мен ҚР ҚК ардагерлерінің қатысуымен батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т. Дәндібаевтың қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті атаулы күнге орайластырылған естелік шарасын ұйымдастырды. Оның барысында фотокөрме ұйымдастырылды және С. Қожахметұлының өмірінен деректі фильм көрсетілді. Елордадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант М. Алтынбаев, ҚР ҚК-ның ардагерлері, мектеп тәрбиеленушілері мен түлектері, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері қатысты. Тараз қаласында шаһардың бас көшелерінің біріне мемориалды тақтай орната отырып, Халық қаһарманының есімі берілді. Сондай-ақ №10 жалпы білім беру мектебінде бюсттің ашылу рәсімі өтті. Алматы қ. АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында бокстан халықаралық турнирден 23-ші турнир ұйымдастырылды. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы С. Нұрмағамбетовті аңыз адам деп атайтынын атап өткен жөн. Ол өзінің саналы ғұмырында әлемді қалай сақтап және өз елі мен отандастарын қалай күзету керек екенін көрсетті. Тәуелсіздіктің қалыптасуының қиын-қыстау кезеңдерінде тұңғыш Қорғаныс министрі лауазымына тұрып, еліміздің Қарулы Күштерінің дамуы мен нығаюына сүбелі үлес қосты.