Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер Ливандағы марафонда озып шықты

Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер Ливандағы марафонда озып шықты

Қазақстандық команда Ливан Республикасында аяқталған марафон қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, бірінші жалпы командалық орынды иеленді. Жүгіру нәтижелері бойынша сержант Ж. Шәрменов бірінші орынды, 3-сыныпты срежант Ж. Әбдуваитов екінші орынды және қатардағы жауынгер Ж. Сарықұл үшінші орынды еншіледі. Қазақстандық бітімгершілер кәсіби спортшылар болып табылмайтынына қарамастан, жауынгерлік даярлық пен спорттан үнемі жақсы нәтижелер көрсететінін айта кету қажет.