
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 11 мамандық бойынша жоғары деңгейдегі білім алуды ұсынады. Институттың материалдық-техникалық базасы сабақтарды жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұймыдастыруға мүмкіндік береді. Компьютер сыныптары, мамандандырылған кабинеттер, зертханалар, кітапханалар мен жұмыс орындары, спорт кешендері, заманауи оқу-жаттығу полигондары мен оқ ату тирлері бар. Институтқа түсуге екі ай шамасында уақыт қалды. Байқау бір орынға 5 адамды құрап отыр. Бірақ, жоғары авиациялық оқу орнының өкілдері кәсіби бағдарлы жұмыспен ең алшақ аудандарға шығады. Себебі, мүмкін дәл сол жерде қарапайым жігіт, болашақ Луганский немесе Әбдіров тұрып жатқан шығар. Түсіндіру шаралары аясында мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына жоғары әскери оқу орнына түсу және оқыту процесінің шарттары туралы айтып берді. Бүкіл оқу кезеңінің ішінде курсанттар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болады. Айына 10 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат алады, киім-кешек беріледі, үш реттік тамақпен қамтамасыз етіледі, тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Оларға сондай-ақ ақысыз жол жүрумен қатар 30 күнтізбелік күнге жыл сайынғы төленетін демалыс беріледі. Ол үшін қорғаныс ведомствосының бюджетінен жылына бір курсантқа орташа есеппен 1 700 000 мың теңге бөлінеді. Толыққанды ақпаратқа қанық болу үшін жоғары сынып оқушыларына институттың қызметі, курсанттардың өмірі мен тұрмысы туралы бейнероликтер көрсетіледі. Жоғары оқу орны туралы кітапшалар сыйға тартылады, бітірушілердің сұрақтарына жауап береді.
Институтты тәмамдаған соң бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом табысталады және офицерлер құрамының «лейтенант» алғашқы әскери атағы берілетінін айта кету қажет.