Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына оқуға түсу жөнінде ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізді

Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына оқуға түсу жөнінде ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізді

Түсіндіру барысында жалпы білім беру орта мектептері бітіруші сыныптарының оқушыларына түсіндіру барысында әскери оқу орындары, оқуға түсу және онда білім алу туралы толыққанды ақпарат жеткізілді, үгіт-насихат бейнероликтерін қарау ұйымдастырылды, сондай-ақ қызығушылық білдірген адамдармен әңгімелесулер өткізілді. Ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсуге жастарды тарту бойынша насихаттау-имидждік жұмыс ора жалпы білім беру мектептерінің 11000-нан аса бітіруші сыныптарын қамти отырып, барлық дерлік облыстарда ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта әскери ведомствоның иелігінде 3 жоғары әскери оқу орны жұмыс жасауда. Ол төрт жылдық оқу мерзімімен Құрлық әскерлерінің Әскери институты, бес жылдық оқу мерзімімен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты және төрт жылдық оқу мерзімімен Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты. Аталмыш әскери оқу орындары Қазақстан армиясы үшін жоғары білікті офицерлік кадрлардың негізгі ұстаханалары болып табылады.