
Бұл күн жыл сайын 2002 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің № A/RES/57/129 бұрыштамасымен 29 мамырды Халықаралық бітімгершілер күні деп жария еткен кезде бүкіл әлемде БҰҰ бітімгершілерінің халықаралық күні (International Day of United Nations Peacekeepers) болып атап өтіледі. Бұл дата бүкіл әлемде қызмет етіп жүрген бітімгершілердің, оның ішінде, қазақстандық бітімгершілердің өзін-өзі құрбан ету мен жанқиярлық адалдығына тиісті баға беретін күн. Мерекелеу «Ирактың ортақ аспаны аясында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» халықаралық жылжымалы көрмесінің экспозициясы орналасқан ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің атриумында өтті. Мерекелік шара кезінде Қазақстан – Ливан бейнебайланысы өткізілді. Оның барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен әскери дипломаттар қазіргі уақытта Ливанда бітімгершілік миссиясын орындап жатқан екінші қазақстандық бітімгершілік ротаның әскери қызметшілерін алдағы мерекемен құттықтады. Одан басқа, шара қатысушыларына Ирак Республикасындағы миссия ардагерлеріне арналған режиссер Альбина Ахметова мен оператор Николай Трофимовтың «Қауырт жексенбі» деректі фильмінің премьералық көрсетілімі ұсынылды.