АОСК-ның балуаны «Халық барысы - 2019» атағына ие болды

АОСК-ның балуаны «Халық барысы - 2019» атағына ие болды

Турнир Алматы қаласындағы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінің аренасында өтті.  Мықтылар атағына барлығы еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық палуан сайысқа түсті.   Турнир қорытындысы бойынша АОСК-ның спортшысы қатардағы жауынгер Дәурен Нұралинов жеңімпаз белбеуін қанжығасына байлады. Шешуші кезеңде армияшы Қостанай облысының балуаны Талғат Жиентаевты ойсырата жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.  Жамбылдық спортшы Ғалымжан Қырықбаев ІІІ орын иегері атанды.