
Әскери-ғылыми взводтың негізгі міндеттері инженерлік-технологиялық бейін, робот техникасы, IT-технологиялар, киберқауіпсіздік, қолданбалы тапсырмаларды шешу кезінде ғылыми нәтижелерді алу, ҚР Қарулы Күштері түрлері мен әскер тектерінің бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын өткізу бағыттары бойынша ғылыми жұмысқа қатысу болып табылады. Взвод ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанында жұмыс жасайды. Әскери-ғылыми взводқа ғылыми жұмысқа бейім және ЖӘБО өкілдерімен алдын ала іріктелген анағұрлым дарынды азаматтар шақырылады. Іріктеу үшін негізгі өлшемшарт ақпараттық технологиялар, нақты ғылымдар мен робот техникасы саласында білімнің болуы болып табылады. Қазіргі сәтте белгіленген тәртіпте әскери-ғылыми взводта мерзімді әскери қызмет өткеру үшін шақырылушыларды куәландыру ұйымдастырылды.