Қарулы Күштерде тәртіп сақшыларымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді

Қарулы Күштерде тәртіп сақшыларымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді

Жиынға түрлер, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың әскерлер қызметінің бастықтары, әскерлер қызметін ұйымдастыруға жауапты Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің офицерлері тартылды. Әскери бөлімдер мен мекемелердің диверсияға қарсы қорғалуына бақылау жасау, өткізу режимін ұйымдастыру, атыс қаруы мен оқ-дәрілердің сақталуы, әскери нысандардың күзет құралдарымен жабдықталуы мәселелеріне айрықша назар аударлды. Сондай-ақ жиын қатысушыларына БӨП бойынша тәуліктік нарядтың практикалық іс-қимылдары, қарауылды теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын әскери жүкке ілесіп жүру бойынша дайындау,  кезекші бөлімшенің экипировкасы мен іс-қимылдары, авиациялық техниканың күзетілуінің ұйымдастырылуы мен авиациялық кемені басып алуға әрекет ету кезінде кезекші күштер мен құралдардың практикалық іс-қимылдары  көрсетілді. Одан басқа, жиын барысында жауапты лауазымды адамдарға диверсиялық қорғау, қару мен оқ-дәрілердің сақталуы, гарнизондық және қарауыл қызметтерінің ұйымдастырылуы, жарғылық тәртіптің бұзушылықтарына ымырасыздық сезімін нығайту жөнінде мүлтіксіз және пәрменді шаралар қабылдау жөніндегі жұмысқа барлық дәрежедегі командирлердің (бастықтардың) жауапкершіліктерін арттыру туралы Қорғаныс министрлігі басшылығының талаптары жеткізілді.   Оқу-әдістемелік жиын барысында барлығы 4 дәріс, 7 практикалық сабақ және 2 әдістемелік кеңес өткізілді.