
Сіздерді Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық бітімгерлер күнімен құттықтаймын. Бұл күн 2003 жылдан бастап мерекеленеді. Ағымдағы жылы "Азаматтық тұрғындарды қорғау - әлемді қорғау" ұранымен атап өтіледі. Осы айтулы күнді жариялау екі мақсатта – бейбітшілік жолында қаза болған бітімгерлерді еске алу және жоғары кәсібилік, қайсарлық пен ерлік көрсетіп, БҰҰ-ның бітімгершілік контингенттерінде қызмет еткен немесе қызмет өткеріп жүрген барлық ерлер мен әйелдерге құрмет көрсету ретінде белгіленеді. БҰҰ-ның бүкіл тарихында елуден астам бітімгершілік операция өткізілді және жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салып кеткен бағытын жалғастыра отырып, Қазақстан Республикасы бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті сақтауды қолдайтындығын көрсетіп, БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына белсенді қатысады. Сіздерге төбеміздегі бейбіт аспанды сақтау ісінде сәттіліктер, туыстарыңыз бен жақындарыңызға бақыт, зор денсаулық тілеймін. Мерекелеріңізбен!
Генерал-майор Н. Ермекбаев