АОСК-ның спортшылары Ресейде өтетін қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысады

АОСК-ның спортшылары Ресейде өтетін қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысады

Сайыс мерейтойлық болып табылады. Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты бесінші мәрте өткізіледі. Турнирде барлығы әлемнің 40 елінен 200-ден аса мықты спортшы өнер көрсетеді.  Олардың арасында қоян-қолтық ұрыстан еңбек сіңірген спорт шеберлері, әлем, Еуропа чемпиондары, кәсіпқойлар (UFC) арасындағы турнирлердің танымал палуандары бар.  Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын армиялық жекпе-жекшілер, халықаралық дәрежедегі шеберлер, 2017 жылдың әлем чемпионы аға лейтенант Сағын Қазбек (55 кг), 2018 жылдың әлем чемпионы Тұрсын Аян (50 кг), 2018 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Зинаида Белоусова (55 кг), 2017 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Сора Рахмонова (70 кг), 2017 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Регина Максимова (75 кг) қорғайтын болады.