Жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-далалық жиын өтті

Жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-далалық жиын өтті

Жиынның негізгі мақсаты бозбалаларды еліміздің Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметке дайындау, бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтарда алған теориялық білімдерін бекіту, жасөспірімдердің әскери қызметке жылдам бейімделуі үшін қажет практикалық машықты жинақтау болды. Жиынға барлығы мектептердің 4000-ға жуық шәкірті тартылды. Оқу-далалық жиынның салтанатты ашылуына Қарулы Күштердің ардагерлері, білім беру бөлімдері мен басқармаларының өкілдері шақырылды. Далалық сабақтар барысында оқушылар әскери қызметтің ерекшелігі және әскери қызметшілердің міндеттерімен танысып, тактикалық дайындықтың, жергілікте жерде бағдарлау тәсілдерінің, саптық дайындық негіздерінің, қаруды жинап-шашудың, оқ атудың амалдары мен қағидаларының қыр-сырын зерделеді, Сондай-ақ әскери әндерді орындай отырып, әскери-саптық көрсетпелі көрсетілімдерге белсене қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша өздерінің шеберліктері, үйлесімділіктері, керемет дайындықтары, жауынгерлік тапсырмалар тактикасы мен оқу автоматымен ұрысты жүргізумен ерекшеленген  Индер және Исатай аудандарының оқушылары грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.