Қазақстанның Қорғаныс министрі спортшыларға жеңіс тіледі

Қазақстанның Қорғаныс министрі спортшыларға жеңіс тіледі

Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының төрағасы, әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев спортшылармен әңгімелесіп, команданың чемпионатқа деген моральдық-психологиялық дайындығын біліп, естеліктері және тәжірибесімен бөлісті, жекпе-жекке дұрыс психологиялық көңіл-күйдің қажеттілігін атап өтіп, алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс тіледі. Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери-қолданбалы спорт түрлері, оның ішінде, армиялық қоян-қолтық ұрыс айрықша мәнге ие. Аталмыш спорт түрін дәріптеу мақсатында Қазақстандық армиялық қоян-қолтық жекпе-жек федерациясы құрылды.  Болашақтағы ауқымды сайыс қарсаңында жаттығу болған Қарулы Күштер ауқымында армиялық қоян-қолтық ұрыстан іріктеу турнирлері өткізілді. Қоян-қолтық ұрыстан құрама команданың намысын АОСК-ның спортшылары ғана емес, сонымен бірге, өзге де әлеуетті құрылымдардың өкілдері қорғайды. Санкт-Петербордағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында әлемнің 40 елінен 200-ден аса мықты спортшы өнер көрсететінін естеріңізге сала кетейік. Олардың арасында қоян-қолтық ұрыстан еңбек сіңірген спорт шеберлері, әлем және Еуропа чемпиондары, кәсіпқойлар (UFC) арасындағы турнирлерде танымал болған палуандар бар.   Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету үшін Санкт-Петерборға АОСК-ның басшылығы жіберілуде.