
Негізгі талқыланған тақырыптар бітімгершілердің қауіпсіздігін күшейту үшін технологиялық инновациялар, коммуникацияларды нығайту, ахуалдық хабардар болуды арттыру, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға қарсы іс-қимыл, телемедицинаны енгізу және қоршаған ортаға ықпал етуді төмендету болды. Симпозиумда ғылым мен технологиялар мектебінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-декан М. Льюис пен Назарбаев универсиетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының меігерушісі А. Язиджи, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің дәріскері И. Филько, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ашық үлгідегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана директорының орынбасары Е. Үсенов пен Қазақстан Республикасының өзге де көрнекті ғалымдары баяндама оқыды. Симпозиум қатысушыларының басты назары ғалымдардың баяндамаларына аударылды. Ондағы маңызды рөл бітімгершілік операциялардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін технологиялық және инновациялық әлеуеттің қолданылуын зерттеп жүрген ғылыми орталар мен институттарға бөлінді. Сондай-ақ симпозиум барысында қатысушылар алғашқы қазақстандық наноспутниктерді құру жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үлгісінде бітімгершілік міндеттерді шешу үшін «cubesat» технологиясын қолданудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын қарады.