Қазақстанның бұқаралық медиа өкілдері әскери қызметтің ерекшеліктерімен етене танысты

Қазақстанның бұқаралық медиа өкілдері әскери қызметтің ерекшеліктерімен етене танысты

Баспасөз туры бірнеше кезеңдерден тұрды. Сапар барысында қазақстандық бұқаралық медиа өкілдері гарнизондардың құрамалары мен әскери бөлімдерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Талдқыорған авиабазасының аумағында журналистер мен блогерлер үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді. Оның барысында авиациялық техниканың, киім үлгісінің заманауи үлгілері мен әскери ұшқыштардың экипировкасы көрсетілді. Баспасө турының практикалық бөлімінде Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімінің базасында БАҚ өкілдері тренажерларда жерүсті дайындық жаттығуын орындады және жаттықтыру мұнарасынан секірулер орындады. Баспасөз турының алғашқы күні Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 48386 әскери бөлімінің күнделікті және жауынгерлік тыныс-тіршілігімен танысумен аяқталды.  Бөлімшеге бару барысында журналистер қару-жарақ пен әскери техниканың, киім үлгісінің заманауи үлгілері мен десантшы әскери қызметшілердің экипировкасын көруге мүмкіндік алды. Қапшағай гарнизонының «Жағалау» полигонына баруы баспасөз турының шарықтау шегі болды. Оның барысында БАҚ өкілдері өз көздерімен әскери инженерлердің техникалық тұрғыдан күрделі жұмысын тамашалады. Олар арнайы техниканың көмегімен минаны салуды, минасыздандыру процесі мен суды тазартуды көрнекі түрде көрсетті. Іс-шара аяқталысымен ұйымдастырушылар бұқаралық медиа өкілдеріне Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін ақпараттық жария ету мәселелері жөніндегі атқарып жатқан жұмыстарына, сондай-ақ әскери қызметті дәріптеп жүргендеріне алғыс білдірді.