Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелеріне барды

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелеріне барды

Сапар барысында техниканың жазғы пайдалану режиміне көшірілуі, оның сақталу шарттары, сондай-ақ  ұзақ сақталуда жатқан техниканың консервациялануы нәтижелері тексерілді. Әскери бөлімдерге бару барысында генерал-майор М. Құсайынов жеке құраммен кездесіп, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты, сондай-ақ техника мен қару-жарақтың, гарнизондардың техникалық қызмет көрсету және  жөндеу пункттерінің жай-күйіне айрықша назар аударды. Сапар қорытындысы бойынша ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы мен әскери бөлімдердің командирлеріне әскерлердің күнделікті қызметтік жұмысы іс-шараларының сапалы орындалуы бойынша тапсырмалар берді.