
Жиынның басты міндеті тактикалық, атыс, инженерлік дайындық, жаппай жою қаруынан қорғау, әскери топография, әскери-медициналық дайындық бойынша сабақтардың іс жүзінде өткізілуі. Жиындағы сабақтар оқу жылына арналған мектептің жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Жеке құрамды атыс қаруын шебер әрі тиімді пайдалануға сапалы оқыту мақсатында тәрбиеленушілер іс жүзінде әртүрлі қарудан жаттығуларды орындайды, сондай-ақ жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сынақ тапсырады. Жиын барысында жасұландықтар қажетті үгіт-насихат материалдарымен қамтамасыз етіледі. Одан басқа, демалыс күндері және бос уақытта далалық жағдайда мәдени-тынығу және спорттық шаралар ұйымдастырылады.