
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша шақарылушыларға қатысты комиссия оларды шақыру, босату немесе әскери қызметті шегеру бойынша шешім қабылданады. Көрсетілген шаралар жоспарлы болып табылады және ҚР қолданыстағы заңнамасына сай. Түсіндіру мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінде 8(7172) 72-13-89, 72-18-61 нөмірлері бойынша қауырт желі жұмыс жасайды. Қосымша ҚР Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша көктемгі шақыру науқаны жүргізіліп жатқанын хабарлайды. «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, сондай-ақ «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2019 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында ҚР азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес шақыру және медициналық комиссиялар ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жас толыммен жасақтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Осыған орай, шақыру комиссиялары олардың қолданыстағы заңнаманы бұзуларына жол бермеу мақсатында әскери қызметке шақырылуға жататын шақырылушылармен алдын алу шаралары өткізіледі. Аталмыш шараларды жыл сайын ЖӘБО ішкі істер органдары, жұмыс орны, тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО, адамдар көп жиналатын жерлерде (базар, сауда-ойын сауық орталықтары және т.б.) наурыз бен маусым және қыркүйек пен желтоқсан аралығында шақыру науқаны кезінде өткізіледі.