
Делегация құрамына ҚР ҚК Бас штабы бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Н. Бузин және ғылыми-зерттеу институты бастығының (ғылыми жұмыстар жөніндегі) бірінші орынбасары полковник Р. Грушко кірді. Сапар барысында делегация ҰҚУ-дың оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты. Сапар аясында екі елдің Қарулы Күштерінің өкілдері әскери ғылым саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Оның ішінде, сұрақтар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен жасақталатын тараптардың әскери-ғылыми бөлімшелерінің қызметі, мемлекеттің ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруды ұйымдастыру, Қазақстандағы әскери білім берудің «болондық процесс» білім беру жүйесіне көшуі мәселелерін қозғады. Кездесу қорытындысы бойынша белорус тарапы ҰҚУ-мен ынтымақтастыққа қызығушылық пен әзірлікті білдірді, белгіленген бағыттарды әрі қарай егжей-тегжейлі зерделеу мен ұлттық заңнаманы ескере отырып, ынтымақтастықтың бағыттарын іске асыру бойынша ұсыныстар дайындау туралы хабарлады.