
Сабақтардың негізгі мақсаты әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарасты пысықтау және қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыру болып табылады. Ең үздік, тәжірибелі әдіскерлер жеке құрамға нормаларды, нұсқаулықтарды және жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздіктің сақталу қағидаларын түсіндіреді, сондай-ақ тәжірибелі үлгілерде (сұлбаларда) бұзушылықтардың ықтимал салдарларын көрнекі түрде паш етеді. Қауіпсіздік шараларының сақталуының барлық себептерінің талдауын негізге ала отырып, жеке құрам арасында әскери бөлімдердің қолбасшылығы қауіпті жарақат факторы ықтималдылығының азаюына бағытталған жаңа пәрменді алдын алу шараларын әзірледі. «Әлбетте, күнделікті тыныс-тіршіліктің міндеттерінің орындалуы әрбір әскери қызметшінің денсаулығы мен өмірі үшін үлкен қауіп-қатерлермен жанасады. Әдістемелік-нұсқау беру сабақтары барлық санаттағы әскери қызметшілер арасында жарақаттануды алдын алу және болдырмауда тиімді», - деді 68665 әскери бөлімінің командирі подполковник Н. Кәрібаев. Мұндай сабақтардың өткізілуі соңғы жылдары тұрмыстық, өндірістік жарақат пен күнделікті қызметтегі жарақатты он есеге азайтты.