Ақтөбелік студенттер әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысқа түсті

Ақтөбелік студенттер әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысқа түсті

«Жігер-2019» жиынын Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты Жастар саясаты басқармасы және Ақтөбе облыстық ресурс орталығы тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты  шақырылуға дейінгі жастарға патриоттық тәрбие беру, бозбалаларға қазақстандық патриоизм сезімін сіңірту, әскери істің бастапқы машықтарына оқытып-үйрету болып табылады. Бұл іс-шара үшінші рет өткізіліп отыр және әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілерінің, 16 мен 20 жас аралығындағы әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық және облыстық сайыстар жеңімпаздарының басын біріктіреді. 3 күн бойы жиынға қатысушылар барынша теориялық және практикалық білім мен дағды жинақтады. Жиын бағдарламасы таңғы жаттығу, командалардың көрсетілімді өнер көрсетулері, қаруды жинап-шашу, физикалық жаттығулар, футболдан, волейболдан достық матчтарды және өзге де командалық ойындарды, жеке қорғаныш құралдарын кию мен әскерилендірілген кростты қамтыды. Балалармен бірге сабақтарды ӘҚК Әскери институтының нұсқаушы сержанттары өткізді. Жиын қорытындысы бойынша Жайсан көпбейінді колледждің командасы бірінші орынды, сәл ғана артта қалып қойған Ақтөбе байланыс және электр техника колледжінің командасы екінші орынды және Ойыл аграрлық колледжінің командасы үшінші орынды еншіледі. Барлық жеңімпаздар кубоктармен және грамоталармен, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Лагерлік жиын ұйымдастырушылары әр жыл сайын қатысушы командалар сайыстарға одан сайын жақсы дайындалып келетіндерін мойындауда. Егер бұрын олардың арасында ұпай саны бойынша үлкен айырмашылық болса, қазіргі уақытта ол болар-болмас. Сондай-ақ келесі жылдан бастап «Жігер» лагерлік жиында студенттер басқа жоғары сынып оқушылары қатысады.  ҚР Түңғыш Президенті – Елбасы  жариялаған Жастар жылы әскери-патриоттық қозғалысқа үлкен жол ашқанын айта кету қажет. Еліміздің көптеген мектептерінде «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптар ашылды.