Әскери патриоттық тәрбие – елдің табысты дамуының кепілі

Әскери патриоттық тәрбие – елдің табысты дамуының кепілі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты бағытының бірі – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі болып табылады. Бүгінгі күні әскери талдаушылардың бағалауы боынша әср төртінші әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі өзінің болашағын әскермен байланыстырады. Әскери-патриоттық клубтың қабырғасында оқыту мен қатайтудан өткен жастар, келешекте әскерге шақырылғанда немесе жоғарғы әскери оқу орындарына түскенде әскери ғылымды меңгеру және әскери қызмет жағдайына тез дағдыланады. Меморандумға қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Күлгінов және «Жас сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Мендіғалиев қол қойды. Аталған құжаттың мақсаты жастардың бастамасын қолдау, одан әрі бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық шараларға ауқымды түрде тарту болып табылады.   Меморандумға қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін облыс әкіміне Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының құрметті төрағасы куәлігі мен төсбелгісі табысталды.