Әскери қызметшілер Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауға белсенді қатысуда

Әскери қызметшілер Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауға белсенді қатысуда

Қазақстан Республикасының әрбір азаматына, оның қызмет түріне, сондай-ақ тұру орнына қарамастан, еліміздің негізі заңымен сайлауға қатысу құқығына кепілдік беріледі. Әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында 19 сайлау учаскесі құрылған, қазіргі уақытта оларда 96,5% әскери қызметшілер дауыс берді. Таңертеңнен бастап қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев және Қарулы Күштердің басшылығы өз дауыстарын берді. Қазақстан әскерінің әскери қызметшілері азаматтық борышты орындаудың, өз конституциялық таңдауының жауапкершілігін және әр дауыстың маңыздылығын толығымен сезінетінін атап өткен жөн.