Қарулы Күштерде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы аяқталды

Қарулы Күштерде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы аяқталды

Қазақстан Республикасының әрбір азаматына, оның қызмет түріне, сондай-ақ тұру орнына қарамастан, еліміздің негізі заңымен сайлауға қатысу құқығына кепілдік беріледі. Әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында 19 сайлау учаскесі құрылған, қазіргі уақытта оларда 100% әскери қызметшілер дауыс берді. Қазақстан әскерінің әскери қызметшілері азаматтық борышты орындаудың, өз конституциялық таңдауының жауапкершілігін және әр дауыстың маңыздылығын толығымен сезінеді. Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Олардың арасында ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің, орталық бағыныстағы бөлімдер мен мекемелердің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері. Бұл уақытта шетелде қызмет өткеріп және оқып жүрген Қазақстанның әскери қызметшілері де кезектен тыс сайлауға қатысты. Алғашқылардың бірі болып дауыс берген қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев және Қарулы Күштердің басшылығы екенін атап өткен жөн.