
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, азаматтық қызметшілері атынан және өз атымнан Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің сенімді жеңісіңіз – Қазақстан азаматтарының артқан жоғары сенімі мен қолдауының дәлелі. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Республикасы одан әрі өркендеп дами түсетініне сенімдімін. Қарулы Күштердің жеке құрамы еліміздің егемендігі мен тұрақтылығын және қауіпсіздігін қорғауға әрдайым дайын. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат және жауапты мемлекеттік қызметте табыстар тілеймін.
Зор құрметпен,
генерал-майор Н. Ермекбаев