Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттерімен оқу-жаттығу жиыны өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттерімен оқу-жаттығу жиыны өтті

Аталға жиынға әскери кафедраның әскери-есеп мамандары, атап айтқанда, Құрлық әскерлері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің офицерлері, мотоатқыш бөлімшелерінің командирлері, тәрбие құрылымдарының офицерлері, әскери заңгерлер, әскери психологтар, әскери журналистер мен дене даярлығы мен спортты ұйымдастыру жөніндегі офицерлер тартылды. Бұл сабақ журналистика факультетінің және философия мен саясаттану факультетінің мамандандырылған аудиториялары мен географиялық факультеттің метеоқалашығында өткізілді. Ол түрлі әскери есептегі мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттердің білімі мен практикалық дағдыларын барынша берік бекітуге мүмкіндік берді. Жиын барысында студенттер атыс қаруынан оқу-жаттығу атыстарын, зениттік қондырғылардан әскери атысты орындады. Жиынның соңғы кезеңінде оқу-жаттығу бөлімшелерінің саптық жинақылығы мен студенттердің саптық даярлығына конкурс өткізілді. Алғаш рет жігіттермен бірге «Әскери журналистика» және «Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру» әскери-есеп мамандықтары бойынша білім алып жатқан қыздар да қатысты. Барлық қатысушылар жақсы саптық даярлық, түзулік пен жинақылық көрсетті. Құрлық әскерлері ӘШҚҚ оқу-жаттығу взводының, мотоатқыш әскерлерінің және дене даярлығы мен спортты ұйымдастыру командирлері грамоталармен марапатталды. Бұл іс-шара қоян-қолтық күрес, қарумен өнер көрсету және әскери-спорттық флешмоб көрсетумен ақталды.