ҚР Қорғаныс министрлігі оқ-дәрілер туралы жарияланған бейнетаспаға түсініктеме берді

ҚР Қорғаныс министрлігі оқ-дәрілер туралы жарияланған бейнетаспаға түсініктеме берді

Биыл 1 шілдеде әлеуметтік желілер мен ақпараттық агенттіктер арқылы Арыс қаласын тазарту барысында жиналған оқ-дәрілер қалдықтарының бейнетаспасы таралған болатын. Аталған қалдықтардың жарылу қаупі жоқ және ол қазір әскери қалдықтарды жою үшін бұрын қолданылып жүрген арнайы күзетілетін аумақта тұр.  Бұл қалдықтар қауіпті емес және арнайы жою пунктеріне жіберілген. Түсірілімнің режімдік аймақта жүргізілгенін ескере отырып, қауіпсіздік режімін қамтамасыз ету ауқымында құжаттардың талаптары бұзылғандықтан, ҚР Қорғаныс министрлігі тергеу жұмыстарын бастады. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы Арыс қаласында қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөнінде ҚР Қарулы Күштерінің барлық қызметтері мен бөлімшелері ТЖ-ның салдарын жоюға қатысу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта қауіпсіз оқ-дәрі қалдықтарын жою жөнінде жұмыстар басталды.