Алматыда «Жас сарбаз» әскери-спорттық ойындары басталды

Алматыда «Жас сарбаз» әскери-спорттық ойындары басталды

Аталған іс-шараның салтанатты рәсімін ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор М. Таласов ашты. «Спортқа ынталандырудан басқа, жарыстың басты мақсаты жиынға қатысушыларды қазақстандық отансүйгіштік сезіміне бөлендіріп, жастардың әскери-патриоттық тәрбесін жетілдіру болып саналады. Бұл ойындарға қатысуға спорт пен оқу үлгерімі жақсы балаларды ғана емес, жауынгерлік даярлықта ата-аналары үздік көрсеткіштер көрсеткендерді де іріктеп алдық», - деп генерал-майор М.Таласов атап өтті. Балаларға арналған жиынның бағдарламасында мәдени-демалыс және спорттық ауқымдағы, оның ішінде Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасау, концерттік бағдарламаларды, түрлі ойын-сауық конкурстарын, АОСК атақты спортшылары мен олимпиада  жүлдегерлерімен кездесуді жүргізу кіретін іс-шаралар шеңберінде қарастырылған.  Сондай-ақ Панфилов саябағына, АОСК-ның оқу-жаттықтыру орталығына біркүнге бару жоспарланған, ол жерлерде кедергі жолақтардан өту, түрлі спорттық жаттығуларды орындау, сондай-ақ арқаннан жасалған бақта және өрмелеу қабырғаларында жаттығу өткізу арқылы шеберлік сабақтарын жүргізу жоспарланған.