Өскемен гарнизонында «Қазақ жауынгері» қоян-қолтық күресінен жарыс өтті

Өскемен гарнизонында «Қазақ жауынгері» қоян-қолтық күресінен жарыс өтті

Аталған сайысқа «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің әскери бөлімдерінен және «Титан», «Спарта» және «Айбын» спорттық клубтарының тәрбиеленушілерінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша гарнизонның ауыспалы кубогын Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінің командасы жеңіп алса, ал аталған бөлімнің әскери қызметшісі ефрейтор Т. Қайсенов үздік спортшы атанды.   «Қарулы Күштерде армия қоян-қолтық күресі жоғары деңгейде дамып келеді. Бүгінгі турнирде әскери қызметшілер өздерінің жоғары шеберлігі мен мықты даярлығын көрсетті», - деп Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Б. Тәжібаев атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, осындай жарыс түрі гарнизонда екінші рет өткізілуде. Жарыс соңында қатысушылар мен көрермендерге арнап «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.