Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталуы шарттарын тексерді

Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталуы шарттарын тексерді

Әскери ведомство басшысы зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау мен сақталуы тәртібі, қару-жарақ, әскери және арнайы техниканың жабдықталуы мен жай-күйі, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі туралы лауазымды адамдардың баяндамасын тыңдады. Қойманы тексеру нәтижелері бойынша оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау жөніндегі нысанның қауіпсіздік деңгейін арттыру, әскери қызметшілердің өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауы жөнінде нақты тапсырмалар айқындалды.