
Бөлімшелерді (есептоптарды) және экипаждарды дайындау бойынша сабақтар бөлімшелер командирлерінің басшылығымен өтуде және бір айға созылады. Аталған кезеңде әскери қызметшілер мамандық бойынша жеке дайындық барысында алған әртүрлі ұрыста және жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда бөлімше құрамында кәсіби машықтарын жетілдіруде. Оқыту барысында негізгі күш-жігер бөлімшелер құрамында әскери қызметшілерді іс-қимылға дайындауға және ұрыста штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы шебер әрі тиімді пайдалануға жеке құрамның далалық машығын жетілдіруге бағытталған. Бөлімшелерді дайындаудың шешуші кезеңінде жауынгерлік оқ атулар өткізіледі.