
Аталыш оқу-жаттығу роталық-тактикалық топтардың үйлесімділігінің соңғы кезеңінде өтуде. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты роталардың жауныгерлік әзірлігін, олардың үйлесімділігін тексеру, әскери қызметшілердің өздерінің функционалдық міндеттерін іс жүзінде орындауларына баға беру, практикалық машықты шыңдау болып табылады. Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелер іс жүзінде арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасау мәселелерін пысықтайды. Оқу-жаттығу барысында дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану мен бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына айрықша назар аударылады. Тактикалық оқу-жаттығу барысында әртүрлі қашықтықтарда нысаналарды жою, қол гранаталарын лақтыру, әуе нысаналары бойынша атысты жүргізу және түнгі көздеуіштерді пайдалана отырып, атысты жүргізу қарастырылады.