Әскери қызметшілер "#Birge - #TazaQazaqstan" акциясын белсенді түрде қолдады

Әскери қызметшілер "#Birge - #TazaQazaqstan" акциясын белсенді түрде қолдады

Акция барысында Ақмола гарнизонының əскери қызметшілері елорда маңындағы "Сарыоба өзенінің маңындағы су қоймаларын, табиғи объектілерді тазартуды  жүргізді. Қарулы Күштердің əскери қызметшілері елде болып жатқан барлық оқиғалардың маңыздылығын ұғына отырып, өздерінің істерімен елорданың əрі қарай дамуына үлес қосуда. "#Birge - #TazaQazaqstan" акциясы 20  шілдеде ҚР экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің бастамасы бойынша бастау алғанын естеріңізге сала кетейік. Акция аясында Есіл және Қарасу өзендері маңындағы аумақты тазарту жалғастырылады. Қоянды су қоймасында өткен бірінші экосенбілікте 10 тоннадан аса қоқыс жиналды жəне 1200-ден аса адам тартылды.