
Гарнизондағы жұмысы барысында Қорғаныс министрінің орынбасары нысандардың «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Сенімді қабылдау» байқауларын өткізуге әзірліктерін тексерді. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері мен байқауға қатысу үшін әскери техниканың (көп функционалды жеңіл броньдалған тартқыш) дайындығы мәселелерін зерделеді, сондай-ақ қатысушы командалардың орналастыру жағдайымен танысты және мәдени-тынығу орталығын аралап шықты. Одан басқа, Бас штабының бастығы қазақстандық және шетелдік (Тәжікстан) командалардың әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Оның барысында орналастыру, тамақтандыру, алдағы жарыстарға әзірлік пен көңіл-күйлерін біліп қайтты. Жұмыс қорытындысы бойынша генерал-майор Мұрат Бектанов командалар жеке құрамының барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, байқаулардың жоғары деңгейде ұйымдастырылу мәселелері бойынша нақты тапсырмалар қойды.