Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери жоғары оқу орындарының курсанттары арасында алғашқы әскери-спорттық ойындар өз мәресіне жетті

Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери жоғары оқу орындарының курсанттары арасында алғашқы әскери-спорттық ойындар өз мәресіне жетті

Қазақстан әскери ЖОО-лардың курсанттары әскери-спорттық ойындардың қорытындысы бойынша 13 медаль, оның ішінде, 5 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Рәсім аясында мерекелік концерт өтті. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатқа ие болды. «Курсанттар арасындағы әскери-спорттық ойындар ТМД-да алғаш рет өткізіліп отыр. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығы дене дайындығы және спорт саласында Достастық мемлекеттерінің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жіті назар аударатындығы көңіл көншітеді. Себебі, ойынның басты мақсаты әскерилер арасында бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, олардың дене дайындығы мен моральдық-психологиялық тұрақтылығын арттыру болып табылады. Қазақстанда өткен ойындар жоғары деңгейде өтті», - деді өзінің сөз сөйлеуінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің өкілі полковник Виталий Чувилев. Халықаралық жарыс бағдарламасына бес әскери-қолданбалы және ойын түрлері: армиялық қоян-қолтық ұрыс, шағын футбол, спорттық бағдарлау, әскерилендірілген кросс және пневматикалық винтовкадан оқ ату кіргенін естеріңізге сала кетейік.